Нұрхат Сегізбай, Сұлтан Ахмет, Берік Жорабеков үштігі сахнаға «Сен сұлу» (Ш.Қалдаяқов/М.Жұмабаев) әнін алып шықты.
Нұрхат Сегізбайдың өнеріне риза болған тәлімгерлер тетікті бірден басты.
Ал, Сұлтан Ахметке Мейрамбек Бесбаев «Мына әнді «сен сұлу емес, мен сұлу» деп айтып тұрғандай көріндің. Өнерде өзің ғана емес, жан-жағың да сұлу болуы керек», деген ескерту жасады. Дегенмен, Сұлтан жобада.
Үшінші үміткер Берік Жорабеков те жобада қалды.