Суретші, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Ренат Елубаев «Таңшолпанда» қонақта
Ата-анасының айтуы бойынша, Ренат суретті екі жасынан бастап сала бастаған. Қазір әлемдік дәрежедегі бірнеше байқаулардың жеңімпазы.
«Байқау - мен үшін қабілетімді шыңдай түсудің жолы», дейді ол. Жуырда Италияда өткен суретшілер байқауында бақ сынап қайтты.
Импрессионисттік бағыттағы қылқалам шебері: «Қазақ өнер мен спорттан ешкімге дес бермейді. Қазір елімізде бейнелеу өнерінің барлық жанры дамуда. Қазақстан суретшілерінің әлемдік деңгейдегі алар орны өзгеше», дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда»