«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда

07.11.2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның  ұйымдастыруымен  Корпорация журналистері арасында жарияланған «Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда.

Байқаудың мақсаты - ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру, журналистердің кәсіби шеберлігін көтеру, сондай-ақ, қызметкерлерді моральді және  материалды жағынан қолдау.

Қатысуға өтініш беру үшін  www.kaztrk.kz  сайтында көрсетілген анкетаны толтыру қажет.

Байқауға 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан 2016 жылдың 20-шы қарашасы аралығында эфирден берілген материалдар қабылданады. Сонымен қатар, ұсынылған материалдардың CD үлгісіндегі көшірмелері қажет.

Конкурс шарттарымен мына сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу