
2 қараша, сәрсенбі, 2016 жыл
Халықаралық журналистерге қарсы қылмыстың жазасыз қалуына тойтарыс беру күні
БҰҰ халықаралық күндері жүйесінде атап өтіледі. 2013 жылы белгіленген.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
69 жыл бұрын (1947) «Темиртауский рабочий» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым қазақ және орыс тілдерінде 1960 жылға дейін шығып тұрды.
17 жыл бұрын (1999) Семей университетіне ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, университет ғимаратының алдына ескерткіші орнатылды.
15 жыл бұрын (2001) Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы ашылды. Мұражайдың басты мақсаты - қуғын-сүргін құрбандары болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өмірбаяндарын, суреттерін жинастыру.
10 жыл бұрын (2006) Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесіне (ЭӘК) мүше болып сайланды. 54 мүше мемлекеттен тұратын ЭӘК БҰҰ-ның 14 мамандандырылған мекемесінің, 10 функционалдық және 5 өңірлік комиссиясының жұмысын үйлестіреді, БҰҰ жүйесінің ұйымдарына және мүше-мемлекеттерге ұсыныс береді.
ЕСІМДЕР
42 жыл бұрын (1974) «Қазақстан» ҰТА директоры Жанахмет Жәнібекұлы АҒЫБАЕВ дүниеге келді.
73 жыл бұрын (1943) жазушы, филология ғылымдарының докторы Бақыт КӘРІБАЕВА дүниеге келді.
175 жыл бұрын (1841-1889) қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай (шын аты- Ибраһим) АЛТЫНСАРИН дүниеге келді.
101 жыл бұрын (1915-2006) мұғалім, Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР-нің еңбегі сіңірген мұғалімі Дмитрий Селиверстович БУКОВСКИЙ дүниеге келді.
201 жыл бұрын (1815-1864) ағылшын математигі, математикалық логиканың негізін қалаушы Джордж БУЛЬ дүниеге келді.
