Ілияс Ысқақов «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының аймақтық даму бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Ысқақов «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының аймақтық даму бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды

01.11.2016
Ілияс Ысқақов «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының аймақтық даму бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды

2016 жылдың 1-қарашасынан бастап Ысқақов Ілияс Башарұлы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының аймақтық даму бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды.

мрбю

Ол 1963 жылы 16 ақпанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында дүниеге келген. Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1980-1981 жылдары Жамбыл аудандық типографиясының мәтін терушісі болып бастаған. 1981-1982 жылдары Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің шығарушысы, техникалық директоры қызметін атқарды.

1987-1990 жылдары Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде корреспондент, бөлім меңгерушісі, 1990-1991 жылдары Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясында корреспондент, бөлім меңгерушісі, «Дидар» ақпараттық-музыкалық бағдарламасының авторы, жүргізушісі болды.

прь

1991-1993 жылдары «Тұмар» ЖШС директоры, 1993-1996 жылдары Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінің бас редакторы, аудандық типографияның директоры, 1994-1998 жылдары Жамбыл облысы мәслихатының депутаты болды.

1996-1999 жылдары Жамбыл облыстық телерадиокомпанияның Төрағасының бірінші орынбасары, 1999-2003 жылдары «Қазақтелефильм» АҚ президенті, коммерциялық директоры, 2003-2008 жылдары «Kazakh Cinema Distribution» ЖШС директоры, 2008- 2012 жылдары «Inter Cinema Distribution» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2012 жылдан 2016 жылдың 1-қарашасына дейін «Қазақстан»  РТРК» АҚ  «Қазақстан»  ҰТА  директоры болып қызмет етті.

2016 жылдың 1-қарашасынан бастап  «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының аймақтық даму бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу