«ЭКСПО-Керуен» жобасы бойынша роуд-шоу Парижге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-Керуен» жобасы бойынша роуд-шоу Парижге жетті

10.04.2017

Еуропа елдерінің 5 астанасында болған интерактивті павильон Парижге жетті. Елордамызда өтетін халықаралық көрме жайлы еуропалықтар мен халықаралық туристік операторларға толық мәлімет беру үшін «ЭКСПО-Керуен» жобасы іске қосылған болатын. Роуд-шоуды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен еліміздің Франциядағы елшілігі бірлесіп ұйымдастырып отыр.

 

Парижде павильон 4 күн тұрады. Роуд-шоу әрі қарай Лондон, Амстердам, Вена, Прага, Берлин, Варшава, Вильнюс, Хельсинки қалаларына бағытталады. Еуропаның 12 шаһарын аралайтын ЭКСПО керуені көрменің ашылуына екі күн қалғанда Астанаға жетеді.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу