29 қазан  - Дүниежүзілік инсультпен күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29 қазан  - Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

31.10.2016
29 қазан  - Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

29 қазан, сенбі, 2016 жыл

 

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

Дүниежүзілік инсультпен күрес аясында өткізілген шаралар мен науқандардың негізгі міндеті - инсульт проблемасы туралы мәліметтерді арттыру, алғашқы көмекті дұрыс және уақытылы көрсету маңыздылығы. Уақтылы көрсетілген көмек адам өмірін сақтап қана қоймай, мүгедектіктің алдын алуға септігі тиеді.

ролб

ОҚИҒАЛАР

97 жыл бұрын (1919) қазанның 29-31-і аралығында 5-Қызыл Армияның бөлімдері Петропавл қаласын Колчак әскерінен азат ету үшін «Петропавл» операциясын жүргізді. 

67 жыл бұрын (1949) Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауыты құрылды.

24 жыл (1992) бұрын Алматыда Қазақстан немістерінің алғашқы конгресі өтті.

9 жыл бұрын (2007) Алматыда жаңа «Жеңіс мұрагерлері аллеясында» ескерткіш тасының іргесін қалау рәсімі салтанатты түрде өтті. 

71 жыл бұрын (1945) ең алғашқы шарикті қаламсаптар сатуға түсті. «Су астында да жазуға қабілетті ең алғашқы қаламсап» атты сәтті жарнамасының арқасында алғашқы күні-ақ 10 000 данасы сатылған.

47 жыл (1969) бұрын ARPANET - ғаламтордың пайда болуы жобасы аясында желі арқылы екі компьютер арасында алғаш рет мәлімет алысу үрдісі жүзеге асты.

18 жыл бұрын (1998) «Дискавери» ғарыш кемесінде америкалық астронавт Джон Гленнің екінші ғарыш ұшырылымы басталды. Ол кезде Гленнн 77-де болды. Ол ғарышқа ұшқан ең егде адам.

 

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1916-1994) Қазақстанда бокс спортының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр БӨЛТЕКҰЛЫ  дүниеге келді.

жю№

93 жыл бұрын (1923) ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұзафар ӘЛІМБАЕВ  дүниеге келді.

роб

92 жыл бұрын (1924-2002) жазушы, аудармашы Сара МЫҢЖАСАРОВА  дүниеге келген.

91 жыл бұрын (1925-1988) педагог, КСРО-ның халық мұғалімі, КСРО-ның халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған «Қазақстан Республикасының кәсіби әулеттер кітабының» бірінші бетіне енгізілген педагогикалық әулеттің негізін қалаушысы Құмаш НҰРҒАЛИЕВ  дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу