10 қазан – Дүниежүзілік  жүйке саулығы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 қазан – Дүниежүзілік  жүйке саулығы күні

09.10.2016
10 қазан – Дүниежүзілік  жүйке саулығы күні

10 қазан, дүйсенбі, 2016 жыл

Дүниежүзілік  жүйке саулығы күні

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Бүкіләлемдік жүйке саулығы федерациясының шешімімен 1992 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.

иа

Өлім жазасына қарсы дүниежүзілік күн

203 жылы өлім жазасына тыйым салу бойынша дүниежүзілік коалициясы бекітті. 120 құқық қорғау ұйымы өлім жазасына тыйым салу бойынша дүниежүзілік коалицияның мүшесі болып табылады.  Коалицияның басты мақсаты - әлемдегі өлім жазасын жою.

рьпрь

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

77 жыл бұрын (1939) Ұлытау ауданы құрылды. Өлкеде  600-ден астам тарихи ескерткіш бар. Жошы хан мазары (XII ғ), VIII - XIII ғғ. Домбауыл кесенесі , Алашахан мазары,  Басқамыр қалашығы, Алтыншоқы, Хан орда (XV ғ) мемлекеттік маңызға ие.

54 жыл бұрын (1962) Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін шығарды.

5 жыл (2011) бұрын Қарағандыда  Қазыбек би ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторы - астаналық мүсінші Мұрат Мансұров. Қоладан жасалған мүсіннің биіктігі 6 метр. Ол 8 метрлік тұғырға қойылды.   

3 жыл (2013) бұрын Павлодарда ақын және драматург Қалижан Бекхожинге ескерткіш орнатылды. Мүсіннің салмағы - 3,2 т, биіктігі - 2,6 метр. Ол биіктігі 195 см тұғырдың үстіне қойылды.

83 жыл бұрын (1933) Америка Құрама Штаттарында әлемдегі бірінші кір жуғыш ұнтақ сатылымға шықты.

рб

ЕСІМДЕР


110 жыл бұрын (1906-1987) ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғақаш Зәкиұлы  БИЯШЕВ  дүниеге келді.


102 жыл бұрын (1914-1993) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Арықтай Қайыпұлы ҚАЙЫПОВ дүниеге келді. 

93 жыл бұрын (1923-1984) ақын Абдулхай  РУЗЫЕВ  дүниеге келді.

91 жыл бұрын (1925-1986) жазушы, аудармашы Хизмет Әбдімүтәліпұлы  АБДУЛЛИН  дүниеге келді. 

90 жыл бұрын (1926-2010) өнертану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бағыбек  ҚҰНДАҚБАЕВ  дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1935) жазушы, журналист, фельетоншы Үмбетбай Уайдаұлы  УАЙДИН  дүниеге келді.

лдэд

78 жыл бұрын (1938-1994) ақын, жазушы Ерғазы Аққазыұлы РАХИМОВ дүниеге келді.

203 жыл бұрын (1813-1901) итальян композиторы, итальяндық опера мектебінің басты тұлғаларының бірі Джузеппе ВЕРДИ дүниеге келді.

 

Хабарламаларға жазылу