18 қазан - Рухани келісім күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 қазан - Рухани келісім күні

18.10.2016
18 қазан - Рухани келісім күні

18 қазан, сейсенбі, 2016 жыл

Рухани келісім күні

1992 жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні  деп жариялау туралы манифест қабылдады.  1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.

Галстук күні

Бұл мерекенің отаны -  Хорватия, осы елде заманауи галстук үлгісі пайда болған.

bjhl.uj

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

90 жыл бұрын (1926) Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды.

77 жыл бұрын (1939) Қарағанды облысының Ұлытау ауданы құрылған. Аудан орталығы - Ұлытау ауылы. Аудан құрамына 15 ауылдық округ және 25 елді мекен кіреді.

/kl

24 жыл бұрын (1992) Алматыда рухани татулық жөніндегі бірінші дүниежүзілік конгресс өтті.

19 жыл бұрын (1997) Алматыдағы 8 март көшесіне Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді.

9 жыл бұрын (2007) Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан Республикасы Олимпиадалық дайындық орталығы (ОДО) ашылды.

5 жыл бұрын (2011) Анкарада «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымы мен Этимесут әкімшілігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақтың халық композиторы, белгілі күйші «Дина Нұрпейісова саябағының» ашылу салтанаты болды.

49 жыл бұрын (1967) «Шолпан-4»  кеңес ғарыш аппараты Шолпан бетіне сәтті қонды. Осылайша, басқа ғаламшарға алғаш рет жайлы қону жүзеге асырылды.

юл

ЕСІМДЕР


92 жыл бұрын (1924-1979) көрнекті жазушы және аудармашы Мұхамеджан ДҮЗЕНОВ  дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1935-2004) машина жасау саласындағы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Иван Андреевич ЯНЦЕН  дүниеге келді.

56 жыл бұрын (1960) танымал әртіс, әрі режиссер Ван Дамм (шын ата-тегі - Ван Варенберг)ЖАН-КЛОД  дүниеге келді.

л

275 жыл бұрын (1741-1803) француз жазушысы, хат түрінде жазылған «Қауіпті байланыс» психологиялық романның авторы Пьер (Шодерло де Лакло) ЛАКЛО  дүниеге келді.

43 жыл бұрын (1973) ресей театры мен киносының актері, Ресей халық әртісі Сергей Витальевич  БЕЗРУКОВ дүниеге келді.

олю

Хабарламаларға жазылу