Елордада «Рухани келісім күніне» орай халықаралық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Рухани келісім күніне» орай халықаралық конференция өтеді

14.10.2014
Елордада «Рухани келісім күніне» орай халықаралық конференция өтеді

17-18 қазанда Астана қаласында халықаралық «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференцияны Дүниежүзілік рухани мәдениет форумы және Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

17 қазан күні Бейбітшілік және келісім сарайында халықаралық «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» конференциясы, ал 18 қазанда Екінші Дүниежүзілік рухани мәдениет форумына дайындық жөніндегі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтеді және қорытынды құжаттар қабылданады.

Сонымен қатар, конференция қатысушыларына арнап, «Астана Опера» театрында «Рухани келісім күніне» арналған концерт өтеді.

Хабарламаларға жазылу