Алматыда террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталды

11.10.2016
 Алматыда террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталды

10 қазанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары құқық қорғау және арнаулы органдардың  қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұсталғандардан қолдан істелетін жарылғыш құрылғы құрауыштары және детонаторлар, теракті жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар алынды.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың басынан Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикалды ниеттегі тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Хабарламаларға жазылу