Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

07.10.2016
Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысы активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Шымкентте облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Б.Сағынтаев Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс әкімі қызметіне Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтың кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активінің алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Бейбіт Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты.

Жеке анықтама:

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы (1958 жыл 8 шілде) – ҚР мемлекеттік қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасының Түркиядағы және Албаниядағы елшісі, ТМД мүше мемлекеттер мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының бірінші басқарма төрағасы.

Ғылым және білім беру қызметімен айналысқан. Ассистент, аға оқытушы, ҚазМУ доценті болып қызмет атқарған. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар.

1993 жылдан бастап – ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Бірінші хатшы, бөлім меңгерушісі болған. Кейін Түркиядағы ҚР Елшілігінде қызмет атқарған. Стамбулдағы Қазақстан Республикасының консулдық басшысы болып тағайындалған.

1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының басшысы.

2004 жылдан бастап – ҚР Президентінің кеңесшісі – ҚР Президенті Хаттамасының басшысы.

2006 жылдың 1 ақпанынан – Ресей Федерациясындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың 19 қаңтарынан –  ҚР Білім және ғылым министрі.

2010 жылдың 7 қазанынан Түркиядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған.

2011 жылдың 3 наурызынан Албаниядағы Қазақстан Республикасы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу