1 шілде Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір барысында ИИДМБ бірқатар жаңа жобалары іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілде Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір барысында ИИДМБ бірқатар жаңа жобалары іске қосылады

30.06.2016
1 шілде Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір барысында ИИДМБ бірқатар жаңа жобалары іске қосылады

1 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен телекөпір өтіп, онда индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламасы аясындағы бірқатар жаңа жобалар іске қосылады.

 Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.

«1 шілдеде Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтеді. Онда индустрияландыру бағдарламасының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары қаралады. Шара барысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асырудың жаңа қадамдары таныстырылады. Бұнда бірқатар түзетулер күтіліп отыр»,  - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Елбасының қатысуымен өтетін телекөпір барысында бірінші жартыжылдықтың негізгі жобалары іске қосылады. Атап айтқанда, осы кезеңде жалпы құны 175,5 млрд теңгені құрайтын 30 жаңа жобаны жүзеге асыру күтіледі.

Қ. Жұмабайұлының айтуынша, бұл негізінен инвесторлардың өздерінің қаражатына, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден тартылған қаражаттарға салынып жатқан жобалар болып отыр.

 «Бұл кәсіпорындарда 4 мыңға тарта жұмыс орындары құрылады. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібі, химия, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобалар қамтылады. Телекөпір аясында сонымен қатар, индустрияландыру бағдарламасының шарапатымен ашылған зауыт өнімдерінің көрмесі өтеді», - деді Қ. Жұмабайұлы.

Иран мен Қазақстан Мазандаран провинциясы Амирабад портында бірлескен мұнай өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Trend жазғандай, провинцияның тау-кен өндіру өнеркәсібі мен сауда басқармасының басшысы  Мохаммад Мухаммадпур хабарлаған.

Оның сөзіне қарағанда, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді.

Зауыт қазақстандық мұнайды өңдеумен айналысып, кейін өзге елдерге экспорттайды, деп атап өтті  Мухаммадпур.

 

Хабарламаларға жазылу