«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»: Қазақстан өз бөлігін жыл соңына дейін аяқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»: Қазақстан өз бөлігін жыл соңына дейін аяқтайды

05.10.2016
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»: Қазақстан өз бөлігін жыл соңына дейін аяқтайды

Жыл соңына дейін Қазақстан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынша өз иелігіндегі жол құрылысын жыл соңына дейін аяқтайды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкімет отырысында.

«Ұзындығы 2 787 шақырым болатын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің 2 452 шақырымын жөндеуге 825 миллиард теңге кетеді. Жоба басталғалы бері 2 028 шақырым жол жөнделіп, Шымкенттен Ресей Федерациясының шекарасына дейін (Оренбург) және Тараз-Алматы бөлігінде қозғалыс ашылды»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзінше, 2016 жылдың бюджеті – 134,2 миллиард теңгенің 56 пайызы яғни, 76,8 миллиард теңге игерілген. Қазіргі таңда Алматы- Қорғас (304 км), Шымкент-Ташкент (100 км) және  Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы (81 км) бөлігінде жұмыстар жүргізілуде.

BNews.kz

 

Хабарламаларға жазылу