Мәдина Сәдуақасованың «Жұлдызым» атты кешіне тегін билет ұтып алыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдина Сәдуақасованың «Жұлдызым» атты кешіне тегін билет ұтып алыңыз!

04.10.2016
Мәдина Сәдуақасованың «Жұлдызым» атты кешіне тегін билет ұтып алыңыз!

Биыл қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздардың бірі Мәдина Сәдуақасованың сахнада жүргеніне – 20 жыл. Осыған орай әнші «Жұлдызым» атты шығармашылық кешін өткізбек.

20 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін концерт әншінің еліміздің үлкен сахнасы төріндегі алғашқы есеп беру кеші болмақ.

Концертте бірнеше дуэт орындалып, жаңа әндердің тұсауы кесіледі.

Осыған орай kaztrk.kz порталы аталмыш кешке билеттер ойнатады.

Ол үшін әншінің шығармашылығынан үш сұрақ қойылады. Сұрақтарға дәл жауап берген оқырман екі билет иегері атанады (жауаптарды пікір білдіру арқылы жолдау қажет).

  1. Мәдина Сәдуақасова ең алғаш қандай әншілік байқауда бақ сынады? 
  2. Әнші «Азия дауысы» байқауына қай жылы қатысты және қандай ән орындады? 
  3. Әнші қай жылы «Жыл адамы» атанды? 

Сондай-ақ,

  • Біздің парақшаға жазылуды ұмытпаңыз!
  • Осы жазбаға репост жасаңыз!
  • Жауаппен бірге #zhuldizim хэштегін қоса жазыңыз!

Осы талаптарды толық орындасаңыз, тегін билет иегері атанасыз!

Ескеріңіз: Билет саны шектеулі!

Хабарламаларға жазылу