Бүгін - математик Мұхтарбай Өтелбаевтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - математик Мұхтарбай Өтелбаевтың туған күні

03.10.2016
Бүгін - математик  Мұхтарбай Өтелбаевтың туған күні

3 қазан, дүйсенбі, 2016 жыл

Халықаралық жануарларды қорғау күні
Бұл мереке 1931 жылдан бері табиғат қорғау қозғалысы жақтастары тарапынан Халықаралық конгресте қабылданды.

гшлгш

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР


133 жыл бұрын (1883) Семей облыстық кітапханасы ашылды. Бұл мекеме Семейге патша үкіметі жер аударған революционер демократтардың бастамасымен құрылды.

олю

70 жыл бұрын (1946) Өскемен қаласында 600 абонентке арналған жартылай автоматты телефон станциясының бірінші кезеңі пайдалануға берілді.

19 жыл бұрын (1997) Алматыда Қазақстанның халық жазушысы Қалижан Бекхожин тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

19 жыл бұрын (1997) Алматыда академик Мұхамеджан Қаратаев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

9 жыл бұрын (2007) Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары екі ел жағалауларын жалғастыратын Қиғаш өзені арқылы көпірді ашты.

7 жыл бұрын (2009) Петропавлда Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Захарович Телюкке арналған мемориалдық тақта ашылды.

5 жыл бұрын  (2011) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның режиссер Қанағат Мұстафиннің «Рывок» фильмі «Атлант» VIII халықаралық спорттық фильмдер фестивалінде «Спорт туралы үздік көркем фильм» номинациясы бойынша үшінші орын алды.

4 жыл бұрын  (2012) Алматыда Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Герман Титовтың «Параллели» жеке көрмесі ашылды.

4 жыл бұрын  (2012) Астанада «Алашорда» фотоальбомының таныстырылымы өтті. 

4 жыл бұрын  (2012) Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ілияс Омаров: хаттар арқалаған сырлар. Из переписки Ильяса Омарова» деректі жинағының таныстырылымы болды.

4 жыл бұрын  (2012) Астанада Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Литва өнері» атты балтық суретшілерінің топтық көрмесі ашылды. Көрме Литва Республикасы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына орай Литва Елшілігінің қолдауымен өтті.

3 жыл бұрын  (2013) Тараз қаласында қазақтың көрнекті қайраткері, шешен және ақын Төле бидің 350 жылдығына орай, ескерткіш қойылды.

3 жыл бұрын  (2013) Анкарада қазақстандық жазушы Мария Кельбергтің түрік тіліне аударылған «Маржандар» балалар романының таныстырылымы өтті.

3 жыл бұрын  (2013) «Қазақстан» ұлттық арнасы «Шетелдегі қазақ балалары» бірегей жобасын таныстырды.

hjyhkj

3 жыл бұрын (2013) Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ классигінің татар тіліне аударылған өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті.

2 жыл бұрын (2014) Алматыда қайырымдылық саласындағы «Алтын жүрек» сыйлығын тағайындау бойынша жұмыстар басталды.

2 жыл бұрын (2014) Шымкентте II Дүниежүзілік соғыс жылдары із-түзсіз жоғалғандар  қатарында болған Қасымбек Нұрсейітовтың сүйегі жерленді.

2 жыл бұрын (2014) Қазақстан Самарқандта өткен Дүниежүзілік туристік ұйымының 99-сессиясына қатысты.

110 жыл бұрын (1906) SOS халықаралық апат дабылы болып бекітілді.

88 жыл бұрын (1928) Түркия латын әлібиіне көшті.

59 жыл бұрын (1957) КСРО-да алғаш рет әлемдегі жердің жасанды серігі «Спутник-І» ұшырылды. Содан бері 4-10 қазан аралығында Дүниежүзілік космос күні аталып өтіледі.

 

ЕСІМДЕР
 

146 жыл бұрын (1870-1916) 1916 жылғы Қарқаралы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі Серікбай ҚАНАЙҰЛЫ  дүниеге келді.

116 жыл бұрын (1900-1940) қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор Иса БАЙЗАҚОВ  дүниеге келді.

111 жыл бұрын (1905-1985) геолог-барлаушы, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген геолог-барлаушысы Саид Шағимерденұлы СЕЙФУЛЛИН  дүниеге келді. Ақмола облысының Атбасар қаласында туған. Мәскеудің геология-барлау институтын бітірген.

83 жыл бұрын (1933) химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дәурен Хамитұлы СЕМБАЕВ  дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1941-2012) жазушы, аудармашы Бақытжан МОМЫШҰЛЫ  дүниеге келді.

jkl;

74 жыл бұрын (1942) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Еуразия математикалық институтының директоры Мұхтарбай Өтелбайұлы ӨТЕЛБАЕВ дүниеге келді.

ъъжъъ

70 жыл бұрын (1946) жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Алдан СМАЙЫЛ  дүниеге келді.

58 жыл бұрын (1958) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі  Зағипа Яхиянқызы БАЛИЕВА  дүниеге келді.

ьдщэщ

121 жыл бұрын (1895-1925) ХХ ғасырдағы орыстың белгілі ақыны Сергей Александрович  ЕСЕНИН  дүниеге келді.
 

Хабарламаларға жазылу