Қарағандыда жаңа нан зауыты ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жаңа нан зауыты ашылады

27.09.2016
Қарағандыда жаңа нан зауыты ашылады

Өндірістік қуаты тәулігіне 80 тоннаға жететін жаңа кәсіпорын облыс орталығының тұрғындарын ғана емес, серіктес қалаларды да нан-тоқаш өнімдерімен толықтай қамтамасыз ететін болады, деп хабарлайды egemen.kz.

«Даму» қорының қолдауымен салынып жатқан кәсіпорынның іргетасы биылғы жылдың сәуір айында қаланған. Бүгінгі күні ішкі әрлеу-өңдеу жұмыстарын аяқталып, құрал-жабдықтар орнатылуда.

 «Жабдықтар Еуропаның ең үздік зауыттарынан жеткізілді. Ал, ғимаратты салуға кеткен құрылыс материалдарының барлығы елімізде жасалған», дейді «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖСШ бас директоры Валентин Каракалюк.

Сонымен қатар, жаңа зауытта кондитер цехы салынуда.

Нысан іске қосылған кезде мұнда 400-ден астам адам еңбек ететін болады.

Хабарламаларға жазылу