Ардагерлер нанды тегін ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлер нанды тегін ала алады

28.07.2014
Ардагерлер нанды тегін ала алады

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Жаңа Бұқтырма ауылынан шыққан кәсіпкер II Дүниежүзілік соғыс ардагерлерін нан-тоқаш өнімдерімен тегін қамтамасыз етуге уәде берді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Наубайхана  иесінің айтуынша, «бұл – бізге бейбіт өмір сыйлаған жандарға жасалған аз ғана көмек».

Есімін  жасырын қалдыруды ұйғарған кәсіпкер бұл игі іспен атақ үшін емес, ардагерлердің қамқорлықты сезінуі үшін жасағанын айтады.

Ардагерлер өздеріне қажетті нан-тоқаш өнімдерін күнделікті ала алады. Ал, Александровка елді мекенінде тұратын ардагердің үйіне арнайы  жеткізіліп тұрады.  

Айта кету керек, Жаңа Бұқтырма ауылының ардагерлері коммуналдық қызмет үшін де ақы төлемейді. Бұл жауапкершілікті Бұқтырма цемент зауыты өз мойнына алған.

Хабарламаларға жазылу