23 қыркүйекте Астанада «Ұлытаудан қанат қаққан Тайжан ақын» атты кеш өтеді. Осыған орай ертең ҚР Еңбек сіңірген әртістері Серік Оспанов пен Мұхамедин Ғалым тікелей эфирге келіп, сұхбат береді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қандай жобалар жасалуда? Жастар конгресінің 25 жылда атқарған жұмыстарының нәтижесі қандай? Конгрестің қолға алған істері жайында Қазақстан жастары конгресінің басшысы Айдын Сәбитов ертең «Таңшолпанда» айтатын болады.
24-25 қыркүйекте «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Астанада Павлодар және Жамбыл облыстарының күндері өтеді. Бұл күндері облыстық тауар өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі, кітап пен сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, өңір әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Осыған орай ертең «Таңшолпанда» Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Төлеген Баянбайұлы және «Айшот» сүт өнімдері зауытының өкілі Нұрслан Керімқұлов келеді.
Сонымен қатар, таңғы бағдарламада әнші Талғат Жорабаев қонақта болып, «Келмейсің» әнін орындайды. Ал, Жұбаныш Жексенұлы шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісіп, «Жолдар» атты туындысын көрерменге тарту етпек.
Сондай-ақ, ертең:
-
таңғы кофе дайындау тәсілдері;
-
домбырамен әлем хиттерін орындаушы Әсел Қарсыбай туралы;
-
35 жыл өтілі бар ұстаз Зәуре Жақанқызының сұхбаты;
-
визажист Ақсәуле Ақшаеваның кеңесін 07:00-10:00 аралығында тыңдай аласыздар.