«Қазақстан» телеарнасының режиссері Шарипа Оразбаеваның «Картоп жегіштер» фильмі «Байқоңыр» кинофестивалінде бас жүлде иеленді (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телеарнасының режиссері Шарипа Оразбаеваның «Картоп жегіштер» фильмі «Байқоңыр» кинофестивалінде бас жүлде иеленді (ФОТО)

19.09.2016
 «Қазақстан» телеарнасының режиссері Шарипа Оразбаеваның «Картоп жегіштер» фильмі «Байқоңыр» кинофестивалінде бас жүлде иеленді (ФОТО)

Алматыда «Байқоңыр» І республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі мәресіне жетті. Байқауда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы анонс бөлімінің режиссері Шарипа Оразбаеваның «Картоп жегіштер» («Едоки картофеля») фильмі бас жүлдені иеленді.

Жалпы, екі күн ішінде конкурстық бағдарлама бойынша 38 картина және байқаудан тыс 7 туынды көрсетілді. Жұмыстарды кәсіби кинематографтар – режиссер Рашид Нұғманов, кинотанушы Гүлнара Әбікеева, кинопрокатшы Сабина Күзенбаева, «Eurasia Spotlight» іскерлік алаңының директоры Ілияс Ахмет және суретші-аниматор Ғали Мырзашев бағалады.

байқоңыр

Фестиваль қорытындысы бойынша  жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды.

байқоңырбайқоңыр

«Гран -при» - «Едоки картофеля» («Картоп жегіштер»), режиссері Шарипа Оразбаева.

«Үздік режиссер» - «Маршрут», режиссері Дархан Төлегенов.

«Үздік сценарий» - «Хлоп-топ», режиссерлері  Алдияр Байракимов, Венера Қайыржанова, сценарий авторы  Роман Жуков.

«Үздік оператор» - «Аялдама», режиссері  Диас Құлмақов, оператор Куаныш Құрманбаев.

«Үздік актер» - «Еркек», режиссері Берік Жаханов, актер Нұрғали Нұғман.

«Үздік актриса» - «Әке», режиссері Фариза Танаева, актриса Нұрсая Қабдысалам.

«Үздік эксперименттік фильм» - «Комендант Ильменау», режиссері Санат Шәкиева.

«Үздік деректі фильм» - «Ауыл тынысы», режиссері Қымбат Тойшы.

 «Бродвей» таңдауы» - «Стучите громче!», режиссері Мәлік Зеңгер.

байқоңыр

байқоңыр

Айта кетейік, бас жүлде иеленген «Едоки картофеля» («Картоп жегіштер») фильмі 19-25 қыркүйек аралығында Алматыда өтетін XI Халықаралық «Евразия» кинофестивалінде бақ сынайды.

«Байқоңыр» фестивалі бұл  - отандық кино саласындағы жаңа есімдерді анықтауға бағытталған мәдени шара.

Хабарламаларға жазылу