Қазақ Президенті Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ Президенті Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті

04.09.2016
Қазақ Президенті Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті

Қазақстан Президенті G20 саммиті аясында Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар тәрізді басты бағыттарына қатысты пікір алмасылды.

Бұдан бөлек, халықаралық дамудың көптеген мәселелері бойынша ұстанымның ортақтығы, сондай-ақ түрлі салаларда, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында екіжақты өзара іс-қимылды нығайту үшін зор әлеует бар екені айтылды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трюдоны Астанаға сапармен келуге шақырды.

Хабарламаларға жазылу