Стивен Сигал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ерікті елшісі болуға дайын
Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Чолпон-Ата қаласында орналасқан Мемлекеттік резиденцияда танымал актер Стивен Сигалмен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы актерге Қырғызстанға II Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келгені үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде Стивен Сигал Президентке жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, көшпенді халықтар арасында ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп ала алмайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, Стивен Сигал Президентке Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ерікті елшісі болуға дайын екенін айтты.
Стивен Фредерик Сигал – америкалық киноактер, кинопродюсер, сценарист, кинорежиссер, музыкант (соло-гитарашы) және жауынгерлік өнер шебері (7 Дан Айкидо).
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11