Forbes журналының сайты өзінің салмақтан тыс коммерциялық табысты боксшылар тізімін жаңартты, деп жазады Sports.kz.
Үздік ондықтағы алғашқы орын Роман Гонсалесті жеңген Сауль Альвареске тиесілі. Үшінші орында тұрған Геннадий Головкин бір саты көтеріліп, екінші орынға жайғасты. Тайсон Фьюри мен Владимир Кличко үшінші орынды бөлісті.
«Альвареспен кездеспесе де, орта салмақтағы Келл Брукпен жекпе-жекке шығатын Головкин, әдеттегідей жұртшылықтың назарын аударып, мол пайдаға кенеледі. Головкин өміріндегі ең табысты жекпе-жекті өткізе алады», - деп жазды басылым.
Кейінгі орындар мына боксшылардың есімімен толықты:
4. Андре Уорд
5. Сергей Ковалев
6. Деонтей Уайлдер
7. Кит Турман
8. Теренс Кроуфорд
9. Эррол Спенс
10. Флойд Мейвезер.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуді қыркүйектің 10 күні сағат 00:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.