Ауа райы: Солтүстікте, шығыста және орталық өңірде қатқақ жүріп, тұман түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Солтүстікте, шығыста және орталық өңірде қатқақ жүріп, тұман түседі

01.09.2016
Ауа райы: Солтүстікте, шығыста және орталық өңірде қатқақ жүріп, тұман түседі

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыста, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысының кей жерлерінде  жаңбыр жауады, найзағай болады.

Солтүстікте, шығыста және елдің орталығында үсік жүріп, тұман болады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста  шаңды дауыл болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қостанай  облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Хабарламаларға жазылу