Келіссөздер барысында өзара мүдделілік қалыптасқан бірқатар бағыттар бойынша перспективалы жобалардың іске асырылу мәселелері қарастырылды, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамуында ілгерілеушіліктің, сондай-ақ оның аясын кеңейте түсу үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.
***
Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:
– Қазақстан Республикасы Президенті мен Сербия Республикасы Президентінің бірлескен мәлімдемесі;
– Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарт;
– Сербия Республикасының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шарт;
– Алматы облысының әкімдігі мен Воеводина автономиялық аймағының үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.