ҚР СІМ Италиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР СІМ Италиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда

24.08.2016
ҚР СІМ Италиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда

ҚР Сыртқы істер министрлігі Италияның Аматриче қаласындағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Әзірге, біздің азаматтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ, әлі де тексеретін боламыз», - деді Ә. Жайнақов.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Аматриче қаласындағы зілзаладан шаһардағы көптеген нысандар қирап, адамдар ғимараттардағы үйінділер астында қалды.

Бұдан бұрын еуропалық EMSC сейсмологиялық орталығы Италияның орталық бөлігінде 6,1 магнитудасымен жер сілкінісі орын алғанын хабарлады. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуінің күші 6,2-ге жеткен. Әзірге зардап шеккендер бойынша нақты ақпарат таратылған жоқ.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу