СІМ: Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ: Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

16.04.2016
СІМ: Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Бұл жолы зілзаланың қуаты 7,3 балға жетіп, тағы 22 адам опат болған. Сөйтіп, құрбандардың жалпы саны 32-ге жетті. Тағы екі мыңнан астам тұрғын зардап шеккендердің санатында.

Соңғы екі күннің ішінде екінші рет қайталанып отырған алапат апаттың салдарынан мұнда мыңдаған ғимарат құлап, көпірлер мен жолдар бұзылған. Ал, жергілікті метеорологиялық агенттіктің мәлімдеуінше, жер тербелістері тағы бірнеше күн жалғасуы мүмкін.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу