«KZ» тобы - «Шіркін-ай» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KZ» тобы - «Шіркін-ай»

18.08.2016
«KZ» тобы - «Шіркін-ай»

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Бірге жүрген қызық күндерім-ай!

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Бірге жүзген түнық көлдерім-ай!

 

Шалқар теңіз, шалқып жатқан айдынын-ай,

Сол айдында бірге жүзген Ай-күнім-ай.

Бақыт - кемеміз-ай,

Қалқып келеміз-ай.

 

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Бірге жүрген қызық күндерім-ай!

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Сеніменен өткен түндерім-ай!

 

Ашық аспан аясында нұрландық-ай.

Махаббаттың кемесінде ырғалдық-ай.

Сайран саяхатта

Қайран махаббатты-ай.

 

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Бірге жүрген қызық күндерім-ай!

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Бірге жүзген түнық көлдерім-ай!

 

Міндің бе махаббат кемесіне?

Шықтың ба желкеннің өресіне?

Айдында сағымға орандың ба?

Сол сәтте бақытты бола алдың ба?

Көрікті көктемнің кешінде де,

Күндердің көк белі төсінде де.

Білекті білекке айқастырып,

Еркелей күлгенің есіңде ме?

Сайран махаббат-ай!

Қайран махаббат-ай!

 

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Бірге жүрген қызық күндерім-ай!

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Бірге жүзген түнық көлдерім-ай!

 

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Бірге жүрген қызық күндерім-ай!

Шіркін-ай, у-у,

Арман-ай, y-y,

Сеніменен өткен түндерім-ай!

Хабарламаларға жазылу