«Zheti Ata» атты мобильді қосымша пайда болды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Zheti Ata» атты мобильді қосымша пайда болды (ФОТО)

16.08.2016
«Zheti Ata» атты мобильді қосымша пайда болды (ФОТО)

Қазақстандық бағдарлама жасаушылар смартфонға арналған «Zheti Ata» атты мобильді қосымша ойлап тапты. Онда жеті атасын білген пайдаланушыларға ұпай беріледі. Бұл қосымша ата-бабалар туралы ақпаратты сақтауға және барлық тіркелушілермен өзара байланысуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама жасаушылар қосымшаны құрастыру арқылы көне дәстүрді сақтауды мақсат еткендерін айтады.

«Кейбіреулер отбасының шыққан тегі жөнінде арнайы кітап та жазады. Бұл ақпарат қағаз, қойындәптер және мәтіндік файлдарға жазылады. Алайда, мұндай ақпараттың көпшілікке ортақ жерде сақталып, басқа адамдарға өздерінің туыстарын іздеуге мүмкіндік беретін бірде-бір құрал жоқ»,-деп жазады қосымша авторларының бірі Асан Төлеуов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

«Zheti Ata» қосымшасында  жеті ата туралы ақпарат, сондай-ақ, олардың әрқайсысы туралы қызықты мәлімет,  туған-туыстармен байланысуға арналған чат, ақпараттардың толығуы турасындағы рейтинг бар.

Айта кету керек, жеті ата реті бойынша  бір атаның жеті ұрпаққа дейінгі балалары жақын туыс саналады. Көне дәстүр әр қазақтың жеті атасын білуге міндеттейді және өзара отау құруға тыйым салады. Бұл дәстүр жүздеген жылдар бойы қазақтарды қан араластырудан және генетикалық аурулардан сақтайды.

пп

в

ен

Хабарламаларға жазылу