Танымал спорт қайраткері Бекет Махмұтов дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал спорт қайраткері Бекет Махмұтов дүниеден озды

14.04.2020
Танымал спорт қайраткері Бекет Махмұтов дүниеден озды

14 сәуірде Қазақстан спортына үлкен еңбек сіңірген белгілі азамат Бекет Сапабекұлы Махмұтов өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлады.

Б.Махмұтов 1939 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін бокс және дзюдо спортының дамуына арнады. 1993-2000 жылдарда еліміздің бокс федерациясына жетекшілік етті. Бұл кезеңде қазақстандық былғары қолғап шеберлері үш Олимпиадада тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрінді. 1996 жылы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола, 2000 жылы 2 алтын, 2 күміс медаль алды. Ол 1996-2006 жылдарда Халықаралық бокс федерациясында (AIBA) вице-президент қызметін атқарды. 

Сондай-ақ, ол 2009 жылдан бастап еліміздің дзюдо федерациясына жетекшілік жасап, оны жоғары деңгейге көтеруге күш салды. Нәтижесінде 2009 жылы Максим Раков әлем чемпионы атанды. 2010 жылы Елдос Сметов жастар арасында сол биіктен көрініп, кейіннен ересектер арасында әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері болды.

Хабарламаларға жазылу