Әні мен сөзі: Қ.Дүйсенов
Сені көрсем көңілденемін,
Шаттанамын, жеңілденемін.
Кеудеме бір жалын сыйлаған
Осы емеспе сезім дегенің?
Қайырмасы:
Билейік, билейік, кел, жаным,
Билейік, көрсінші ел бәрін.
Ортаға шықшы, бір құлпырып,
Құдірет сыйлаған тең бағын.
Сені көрсем, үміт арманым,
Қайғы-мұңның ұмытам(ын) бәрін.
Саған деген махаббатымды
Бір сәтке де суыта алмадым.
Қайырмасы:
Билейік, билейік, кел, жаным,
Билейік, көрсінші ел бәрін.
Ортаға шықшы, бір құлпырып,
Құдірет сыйлаған тең бағын.
Кездескенде елжірегенмін,
«Мен сендікпін болды», дегенмін.
Сүйгендіктің белгісі емес пе
Маған қарап мөлдірегенің?
Қайырмасы:
Билейік, билейік, кел, жаным,
Билейік, көрсінші ел бәрін.
Ортаға шықшы, бір құлпырып,
Құдірет сыйлаған тең бағын.