Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі сақталады.
Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, түнде тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.