Астанада Бейбітшілік және келісім мұражайы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Бейбітшілік және келісім мұражайы ашылады

01.06.2016
Астанада Бейбітшілік және келісім мұражайы ашылады

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында  Бейбітшілік және келісім мұражайы ашылады. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының  ХV отырысында Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлім етті.

«Съезд хатшылығы мұражай тұжырымдамасын әзірледі, онда Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі мен оның тарихи рөлін насихаттауға бағытталған материалдарды, құжаттар мен артефактілерді жинақтау мақсатында құрылып отырғандығы жазылған. Сонымен қатар мұражай мәдениеттер мен діндер диалогын дамыту саласында ғылыми зерттеулерді іске асырады», - деді М. Әзілханов.

Оның сөзіне қарағанда,  ҚР Президентінің ұсынысы бойынша мұражай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында орналасатын болады.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, хатшылық мүшелері мұражай халықаралық болуы тиіс екенін, сондай-ақ оның веб-сайтын құрып, әлемнің түрлі елдерінде көшпелі көрмелер өткізу ұсыныстарын жасады.

Хабарламаларға жазылу