Алматыда Опера балы өтті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Опера балы өтті (ВИДЕО)

31.05.2016
 Алматыда Опера балы өтті (ВИДЕО)

Алматыдағы Опера балы күллі Еуразия бойынша мәдени оқиғалардың бірі. Жыл сайын мұнда көрнекті тұлғалар бас қосып, сән-салтанаты жарасқан батысеуропалық классика кешінің куәсі болады. Балда өнер көрсетуге 5 мың үміткердің арасынан 48 дебютант жұп анықталды.

Шараға елімізден, алыс-жақын шетелдерден танымал саясаткерлер мен бизнесмендер, өнер мен спорт саласына еңбек сіңірген қайраткерлер жиналды. Меймандар классикалық музыка тыңдап, Вена вальсінің қайталанбас ерекше әсеріне бөленді.

Балл әрқашан полонезбен басталады. Қатысушылар классикалық би әдебін 3 ай бойы үйренген.  Биші жұптарға 18-25 аралығындағы жастар іріктелген.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу