ЕҚДБ Л.Ибрагимованы гендерлік теңдік наградасымен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚДБ Л.Ибрагимованы гендерлік теңдік наградасымен марапаттады

29.05.2016
ЕҚДБ Л.Ибрагимованы гендерлік теңдік наградасымен марапаттады

Еуропалық қайта құру және даму банкі президенті Сума Чакрабарти «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимованы гендерлік теңдікті ілгерілеткені үшін наградасымен марапаттады.  Бұл туралы холдинг баспасөз қызметі хабарлады.

ЕҚДБ басшысы Ләззат Ибрагимова «әйелдер басқарып отырған шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыруға бірдей мүмкіндік беру есебінен гендерлік теңдікті дамыту ісінде Қазақстандағы ең маңызды тұлғалардың бірі» екенін атап өтті.  

Өз кезегінде, Л.Ибрагимова ЕҚДБ басшылығына награда үшін алғысын жеткізіп, банктің Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.

«Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер бизнесінің маңыздылығына қашанда ерекше көңіл бөледі, соңғы уақытта отбасы бизнесін дамыту туралы айтып жүр. Біз жекеше коммерциялық банктер арқылы іске асырып жатқан «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы қазақстандық әйелдер бизнесінің табысты дамуының мысалдарын көрсетеді», - деді ол. 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу