ӘЧ-2016. Ләззат Күнгейбаева бокстан Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2016. Ләззат Күнгейбаева бокстан Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

27.05.2016
ӘЧ-2016. Ләззат Күнгейбаева бокстан Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

+81 келіде сынға түскен қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева финалдық жекпе-жекте АҚШ боксшысы Шадасия Гринді ұтып, Қазақстан құрамасына төртінші алтын медальді сыйлады.

Бұған дейін 48 келі салмақта отандасымыз Назым Қызайбай, 54 келідегі Дина Жоламан және 69 келідегі Валентина Хальзова Әлем чемпионы атанған болатын.

Ал, Айжан Қожабекова (57 келі) мен Жайна Шекербекова (51 келі) Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Жайна Шекербекова Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Сонымен қатар, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынуда. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама берілді.

Айта кетейік, 19-27 мамыр аралығында өткен бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын «Kazsport» пен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсеттті.

Хабарламаларға жазылу