ӘЧ-2016. Валентина Хальзова бокстан Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2016. Валентина Хальзова бокстан Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

27.05.2016
ӘЧ-2016. Валентина Хальзова бокстан Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

69 келіде сынға түскен қазақстандық боксшы Валентина Хальзова финалдық жекпе-жекте қытайлық боксшы қыз Гу Хонгты 2:1 есебімен жеңіп, бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін 48 келі салмақта отандасымыз Назым Қызайбай, 54 келідегі Дина Жоламан Әлем чемпионы атанған болатын.

Ал, Айжан Қожабекова (57 келі) мен Жайна Шекербекова (51 келі) Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Жайна Шекербекова Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Сәлден соң, Әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынуда. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама берілді.

Финалдық бәсекелерді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу