Әділет министрі Берік Имашев БАҚ бас редакторларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділет министрі Берік Имашев БАҚ бас редакторларымен кездесті

25.05.2016
Әділет министрі Берік  Имашев  БАҚ бас редакторларымен кездесті

Бүгін Әділет министрі Берік Имашев жетекші телеарналар мен БАҚ басшылары және Бас редакторлары клубымен кездесуі өткізді.

Жүздесу дөңгелек үстел аясында бейресми жағдайда өтті. Имашев әңгіме барысында қонақтарға әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары жайлы айтып берді. Ол Министрліктің орталық аймақтарының бірі ретінде заң шығару блогына, министрлік қызметінің кей проблемалық тақырыптарын жарыққа шығарудың ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Журналистер министрге жұмыс көрсеткіштері, қызметтің жекелеген бағыттарын дамыту перспективалары, атап айтқанда, халықаралық ынтымақтастықты құқықтық қамтамасыз ету, жеке сот орындау институты, зияткерлік меншік   және т.б. құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Бұдан басқа, БАҚ бас редакторлары Министрлік құзыретінің аясында әлеуметтік сипаттағы, атап айтқанда, балаларды асырау үшін алимент өндіріп алу мәселелерін шешу жолдары жайлы сұрады. Пікір алмасуға Министрдің орынбасарлары қатысты, олар кей сұрақтар мен ұсыныстарға нақты жауап берді.

Кездесу аяқталғаннан кейін қонақтар шағын ортада Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келешктегі жұмыс жоспарлары мен жеке тақырыптық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл тәртібін талқылады.

Хабарламаларға жазылу