Желі пайдаланушыларын итін көру үміті үзілген иесінің оны Висконсиндегі жануарлар паналайтын жерден табу оқиғасы қатты тебірентті.
Екі жыл бұрын Хосе Колумбтың өмірінде сәтсіздіктер көп болды - зайыбымен ажырасу, жұмыстан айырылу, үйін сату. Хосе Кейос деген итімен бірге көліктің ішінде түнеп жүрген. Алайда, сәтсіздіктер сонымен аяқтала қоймады - Хосе төртаяқты итін асырай алмай, Кейосты танысына уақытша берді. Ер адам өз істерін ретке келтірген соң итін қайтарып алмақ болған кезде оның жаңа иесі беруден бас тартты. Хосе қатты күйзелісте болған.
Өткен аптада (Кейспен көріспегелі екі жыл өтті) Хосеге иттің мойын жібіндегі чипті ауыстыру туралы ескерту көңіл-күйін тағы құлазытты. Дегенмен келесі күні оған жануарлар паналайтын орыннан телефон соғып, итінің табылғанын және онымен кездесуді тағатсыздана күтіп отырғанын хабарлады.
Бұл күнгі жүрек тебірентерлік сәтті, яғни иті мен иесінің кездесуі түсірілген роликті 1,5 миллионнан астам адам көрді, деп жазады life.ru.