Елімізде экологияны реттеу және бақылау комитеті қайта құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде экологияны реттеу және бақылау комитеті қайта құрылады

24.05.2016
Елімізде экологияны реттеу және бақылау комитеті қайта құрылады

«Қоршаған ортаны қорғау комитетін экологтарға қайтарғымыз келеді. Басшылық тарапынан бұл мәселеге қолдау таптым. Сондықтан, қызметкерлердің біліктілігіне талапты күшейтіп, жұмыстың нәтижесін арттыруға күш саламыз. Бұл органның ашықтығын қамту керек, себебі, қоршаған ортаның мәселесі қоғамның ажырамас бөлігі», - деді Қ.Бозымбаев жанар-жағармай кешені мен экология жөніндегі қоғамдық кеңестің есеп беру кездесуінде.

Министр хабарлағандай, 2015-2016 жылдары Қазақстанның экологиялық мәселелер жөніндегі заңнамасына бірқатар жаңалықтар енгізілген. Өндірушілер мен импорттаушыларға да қатысы бар бұл өзгерістер тауардың тұтыну құрамы жоғалған соң оны ары қарай пайдаға аасыру үшін ақша төлеуге міндеттейді.

«Бұл қалдықтарды қайта өңдеу мен пайдаға жарату бағытында инфрақұрылымның дамуын ынталандырар еді», - деді сөз соңында Қ.Бозымбаев.

Хабарламаларға жазылу