Қазақстанның бірқатар аймағында бүгін күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігі, солтүстік-батысы пен орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал, кейбір жерлерде желдің күшеюі байқалады.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді.