Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 63 жасқа дейін жеткізуді ұсынды.
«Әзірге 63 жасты ұсынып отырмын. Ерлер мен әйелдер осы жаста зейнетке шығуы керек. Бұған қазір көшейік деп тұрған жоқпын. Егер зейнет жасын жарты жылдан ұлғайтып отырсақ, бұл өзгеріске ерлер 6 жылдан кейін, ал әйелдер одан да көп уақыттан кейін келеді», - деді ол «Россия 1» телеарнасындағы «Вести» в субботу с Сергеем Брилевым» бағдарламасындағы сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, «зейнеткерлер саны өсіп үстінде, ал зейнетақы ақша көлемі артпай отыр».