Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Парламентте заң жобасын әзірлеуге қатысу мүмкіндіктеріне ие болады - Б. Сағынтаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Парламентте заң жобасын әзірлеуге қатысу мүмкіндіктеріне ие болады - Б. Сағынтаев

21.05.2016
Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Парламентте заң жобасын әзірлеуге қатысу мүмкіндіктеріне ие болады - Б. Сағынтаев

Жер реформасы бойынша комиссия мүшелері Парламентте заң жобасын әзірлеуге қатысу мүмкіндіктеріне ие болады. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында комиссия төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

«Жұрт арасында біздің комиссияның қаншалықты өкілеттігі бар, өстіп әңгіме айтып кете бере ме дегенге саятын әңгіме айтылып жатыр. Бұл ретте жауап біреу ғана: Елбасы комиссияны құрар кезде комиссия резонанс тудырған нормаларды кеңінен талқылап, ұстанымдар әзірлеп, Парламентке беруіміз керек. Біздің комиссия заң қабылдайтын Парламент те емес, қаулы қабылдайтын Үкімет те емес. Біз ұсыныс енгізетін боламыз», - деді Вице-премьер.

Оның айтуынша, комиссия негізінен Парламентке ұсыныс енгізу құзыретін жүзеге асырады.

«Біз осы құзыретті пайдаланып, Парламентке ұсынысты береміз. Парламент өз қызметінде белгіленген тәртіппен жұмыс топтарын құрады, онда комиссияның қарамағындағы мүшелердің ары қарай жұмыс істеуіне де мүмкіндік қарастырылады», - деді Б. Сағынтаев.

Хабарламаларға жазылу