Ә.Исекешев: Биыл 78 млрд теңгенің 7 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Исекешев: Биыл 78 млрд теңгенің 7 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған

18.05.2016
Ә.Исекешев: Биыл 78 млрд теңгенің 7 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған

2016 жылы «зәкірлік» инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 78 млрд теңге болатын 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

«Биыл JAC, Hikma, Carmeuse Group, Cremonini, Peugeot, Citroёn, IVECO, Tenaris сияқты бірқатар «зәкірлік» инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 78 млрд теңге болатын 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді ол Қазақстанның еуропалық бизнес қауымдастығының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында.

Министр мәлімдегендей, бүгінгі таңда трансұлттық компаниялардың қатысуымен тағы 65 жоба әзірленуде.

«Соңғы 11 жылда инвестициялық климатты жақсартып, мақсатты түрде жасалған жұмыстардың арқасында Қазақстанға тікелей келген шетелдік инвестиция 212 млрд долларды құрады. 2010 жылы басталған индустрияландыру бағдарламасы инвестицияны өңдеу секторына бұруға мүмкіндік берді. Шетелдік инвестицияның 77 пайызы өңдеу секторына 2005 жылдан бастап бағдарламаны жүзеге асыруға жұмылдырылды», - деп мәлімдеді Ә.Исекешев. 

Хабарламаларға жазылу