Ресейлік балалардың жартысынан астамы уақытын үнемі Интернетте өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік балалардың жартысынан астамы уақытын үнемі Интернетте өткізеді

15.05.2016
Ресейлік балалардың жартысынан астамы уақытын үнемі Интернетте өткізеді

Зерттеу нәтижелері ел балаларының жартысынан астамы, атап айтқанда,  56%-ы  бос уақытын виртуальды әлемде өткізетін болып шықты.

Бұл әрине, Ресейдің ғана проблемасы емес. Мәселен, американдық балалардың 51 пайызы және еуропалық балалардың 40 пайызы уақытын осылайша өткізеді екен.

Әсіресе жас шамасы 8-10 жастағы балалардың компьютерге байланып  отыруы ерекше қауіп тудыруда. Мұндай жастағы балалардың 40 пайызы интернеттен көзін алмайды. АҚШ-та да көрсеткіш осындай - 41 пайыз.

Ал Еуропада бұл көрсеткіш қуантады - Францияда бұл ждастағы балалардың 7 пайызы ғана интернетте отырады екен, Германияда 9 пайыз.

Балалар әсіресе әлеуметтік желілерде көп отырады. Екінші орында - онлайн-ойындар. Ал үшінші орында - бейнероликтер сақталатын сайттар.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу