Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт «Бурное» Күн электр станциясы қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт «Бурное» Күн электр станциясы қосылды

12.05.2016
Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт «Бурное»  Күн электр станциясы қосылды

Орталық Азиядағы ең ірі, Жамбыл облысындағы қуаттылығы 50 МВт «Бурное»  күн электр станциясы Еуропалық қайта құру және даму   банкінен тұрақты даму мен энергия тиімділігінің жаңа стандарттарын  ендіру саласында әлемге танылды.

Лондон қаласындағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің 2016 жылғы 12 мамырда жиырма бес жыл сайын өткізілетін жиналысында тұрақты даму мен энергия тиімділігінің жаңа стандарттарын ендіру саласында сыйақыларды табыстау өтеді. «Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт «Бурное» күн электр станциясын салу» жобасы жеңімпаз болып танылды. Жеңімпазды таңдауды барлық елдердегі, барлық салалардағы ЕҚДБ жұмыс істеуі үшін 2015 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкіндегі қаражаттандырған барлық жобалардың қоржынын қарастырған  халықаралық тәуелсіз комиссия жүзеге асырды.

Күн электр станциясын ресми түрде пайдалануға беру Индустрияландыру күнін өткізу барысында 2015 жылғы 2 шілдеде ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен жүзеге асырылған болатын. Станция Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылдық округініңалаңы 150 гектар аумағында орналасқан. Электр қуатын жобалық жылдық өндіру сағатына 73,18 млн.кВт-ты құрайды.  Бүгінгі таңда станция іске қосылған күннен бері электр қуатын өндіру сағатына 60 млн кВт құрады.

Күн электр станциясын салуды «BurnoeSolar -1» ЖШС (Бурное Солар-1) бірлескен кәсіпорнын құру жолымен «Самұрық-Қазына Инвест»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, стратегиялық британдық инвестор «UnitedGreen»және «Тараз» ӘКК»ҰК» АҚ  жүзеге асырды. Жоба шеңберінде инвестициялардың жалпы көлемі 122 млн АҚШ долларын құрады, «UnitedGreen», «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС және «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ меншікті қатысуы 30,5 миллион АҚШ долларын құрады және қарыздық қаржыландыру Еуропалық қайта құру және даму банкінен және Қордан жобалық қаржыландыру бойынша бірінші мәміле шеңберінде алынған

91,5 млн АҚШ долларын құрайды, бұл энергияның жаңартылатын көздері саласындағы жаңа заңнаманы және ҚР-да жаңа саланың дамуын назарға алғанда, үлкен жетістік екені сөзсіз. Инвесторлар биылғы жылдың соңына дейін күн электр станциясының қуатын 100 МВт-қа дейін арттыруды жоспарлауда.

Осы Күн электр станциясын салу қысқа мерзім ішінде Қазақстанда электр қуатына тапшылықты өтеуге үлесін қосуға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығын орындау шеңберінде энергияның жаңартылатын көздері саласында көпшілікке өнеркәсіптік объектіні көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте «ЕХРО-17» көрмесін ашқан кезде «Бурное» күн электр станциясы Қазақстан Республикасындағы энергияның жаңартылатын көздері саласында жобаны іске асыру бойынша  табысты мысал бола алатынын атап өткен жөн. 

Хабарламаларға жазылу