Ғабит Нұраділұлы алдына келген науқасты араның уымен емдейді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғабит Нұраділұлы алдына келген науқасты араның уымен емдейді (ВИДЕО)

12.05.2016
Ғабит Нұраділұлы алдына келген науқасты араның уымен емдейді (ВИДЕО)

Ғабит Нұраділұлы алдына келген науқасты араның уымен емдейді. Күн сайын бір арадан қосып, ауырған жерді шақтырады. Осы тәсіл арқылы емделушіні 10 күн қабылдайды. Ал, емдік араларды көбінесе таудан арнайы әкеледі.

«Таудағы түрлі шөптермен қоректенетін араның уы өте пайдалы», дейді емші. 

Ғабит Нұраділұлының емдеудің осы тәсілін қолданып келе жатқанына 10 жылға жуық уақыт өтті. Кәсіби түрде айналысу үшін тіпті Мәскеуден арнайы білім де алған. 

Жалпы апитерапия үшке бөлінеді: бал өнімдерін тұтыну, бал массажы және араға шақтыру. Осы тәсілдер арқылы мойын остеохондрозы, суық тию, семіздік және сынық жарақатын алған науқастарды емдеуге болады.

Медицинада қолданылып келе жатқан емдеудің ерекше тәсілі туралы толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан көріңіз.  

 

Хабарламаларға жазылу