Берік Сұлтан: Қанат Ислам әлемге өзін емес, бокстағы шеберлігі арқылы қазақты танытқысы келеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Сұлтан: Қанат Ислам әлемге өзін емес, бокстағы шеберлігі арқылы қазақты танытқысы келеді (ВИДЕО)

09.05.2016
Берік Сұлтан: Қанат Ислам әлемге өзін емес,  бокстағы шеберлігі арқылы қазақты танытқысы келеді (ВИДЕО)

Журналист, блогер Берік Сұлтан кәсіпқой боксшы Қанат Исламның жетістіктерін кеңінен насихаттап жүр. Жүрегі «қазақ» деп соққан саңлақтың әр жекпе-жегін үзбей көреді.

«Оның әр кездесуі намысыңды қайрап, рухыңды көтереді», дейді ол.

 «Қанаттың жұдырықтасу мәнеріне, рингте өзін-өзі ұстауы мен сенімділігіне ризамын. Боксшы ретінде өте қатты құрметтеймін. Азаматтығы, ағалығы бір бөлек. Ол әлемге өзін емес,  бокстағы шеберлігі арқылы қазақты танытқысы келеді.  Әр кездесуінің соңында қазақты қайрап отырады. Халқымызға кезекті жеңіс сыйлағаны үшін Қанатқа алғыс айтамын».

Берік Сұлтан боксшының Америкадағы промоутерлерімен байланысқа шығып, телеарналардан көрсетіле бермейтін жарыстарын халыққа жеткізуге бар күшін салып жүр. Сол үшін арнайы сайт ашып, оған қолға түскен бейнежазбалар мен боксшының жарыс алаңындағы суреттерін жинақтауда.  

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу