«Элтекс-Алатау» кәсіпорны 4 жылдың ішінде 400 мыңнан астам өнім шығарып үлгерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Элтекс-Алатау» кәсіпорны 4 жылдың ішінде 400 мыңнан астам өнім шығарып үлгерген

05.06.2016
«Элтекс-Алатау» кәсіпорны 4 жылдың ішінде 400 мыңнан астам өнім шығарып үлгерген

 

Соңғы кездері «Қазақстанда жасалған» тауарларға деген сұраныс артты. Қазір кез-келген сауда орындарына барсаңыз, өзіміздің өнімді іздейтіндер көп.

Демек, отандық өндірістің әртарапты болуына әркім мүдделі. Оның үстіне, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан да қолдаулар аз көрсетіліп жатқан жоқ.

Соның бірі - Алматы іргесіндегі арнайы экономикалық аймақта құрылған «Алатау» инновациялық технологиялар паркі. Қазір дәл осы орталықта 160-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері шоғырланған. Ал, осы орталықта өз шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпорынның бірі - «Элтекс-Алатау».

Ақпараттық технологиялар жасайтын өндіріс осыдан төрт жыл бұрын ашылған. Қазір отандық нарықпен бірге, шетел сұранысын да қамтамасыз етіп келеді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу