«Әулиеата айнасы». Үздікті анықтаңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әулиеата айнасы». Үздікті анықтаңыз

08.05.2016
«Әулиеата айнасы». Үздікті анықтаңыз

«Қазақстан-Тараз» телеарнасы ұйымдастырған «Әулиеата айнасы» байқауында үздік келе жатқан қызметкерлер:

Жаңалықтар бөлімінің редакторы – Данияр Асқарұлы (1330 дауыс);

Редактор – Ақерке Бектас (1238 дауыс);

Редактор – Әйгерім Жасұзақ (1224 дауыс).

Еске сала кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай аймақтық филиалдары қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырған болатын.

Арнаның қызметкерлерін қолдап, дауыс бергіңіз келсе, http://vote.kaztrk.kz/08/
сілтемесі арқылы өтіп, таңдау жасай аласыз.

Алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады.

Айта кетейік, жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы бас жүлде - Гран-при иегері анықталады. Жеңімпаз бен І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері корпорация басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 

Хабарламаларға жазылу